Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта жаңбыр күтіледі.
“Демалыс күндері климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстікке жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжиды. 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі”, – деп болжады “Қазгидромет” өкілдері.