Қырғыз Республикасы ІІМ жедел қызметінің өкілдері “Макс” деген лақапатымен танымал, трансұлттық қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық Мұрат Ниязовты ұстады.
Қырғыз полициясы Интерполдың күдіктіге іздеу жариялағанын және оның қатыгездікпен аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінгенін мәлімдеді деп хабарлады Tengrinews.kz.