Өткен аптада ақтөбелік полиция қызметкерлері дін атын жамылып, қылмыс жасаған деструктивті діни ағым өкілдерін ұстаған.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД бастығы Махамбет Абисатов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бұл – қарақшылық шабуыл, ұрлық, зорлау, кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру, қарумен заңсыз операция жүргізу сынды қылмыстар. Бұл әрекеттер діннің атын жамылып жасалған. Мұндай қадамға барған екі топтың өткен аптада көзі жойылды», – деді полиция басшысы облыстық мәслихаттың сессиясында.