Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева Good Housekeeping журналына ашық сұхбат беріп, өзінің отбасы, ұлы және қандай ене болатыны туралы айтып берген.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Скрипкашының айтуынша, кез-келген отбасында ер адам әйеліне қарағанда көбірек ақша табуы керек.
Алайда скрипкашы баласының айтқанына көніп, оны музыкаға баулымағанын қателік деп санайды. Себебі оның ынтасын ашу үшін жақсы ұстаз бен ата-ананың табандылығы қажет дегенге сенеді.
“Оны мәжбүрлеп оқыту керек еді, ал біз олай жасамадық. Мәселен мені мәжбүрлейтін, жазалайтын, ынталандыратын…
Бірінші сыныпқа барғаннан кейін, екінші жылы-ақ скрипканы жек көрем деп айтатынмын”,- дейді Жәмилә Серкебаева.
Жұлдыздың сөзіне сүйенсек, оның музыкаға деген махаббаты тек сегізінші сыныпта ашылған. Ал оған себеп болған ұстазы Хесс Вениамин Соломонович екен.
Сөз соңында Жәмилә болашақта өзінің қандай ене болатынын да жасырмай айтты.
“Алдын ала ойланып әрекет ететін ниеті түзу, күйгелек және тез басылатын, еркелететін және ұрысатын ене боламын. Бастысы, қыздың көрген тәрбиесі ұлымның тәрбиесімен сәйкес келсе болғаны”, – деп қорытындылады ол.