Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Астана банкі” лицензиясынан айрылды

Банк активтерінің үлесі мен жауапкершілігі дәл осындай банктер арасында төмен болғандықтан, оны лицензиясынан айыру өзге қаржы ұйымдарына еш әсер етпейді.

Осыған орай, Қазақстан Республкиасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 352 бұйрығымен Банк басқармасының барлық уәкілетті органдарының қызметі жүктелген уақытша әкімшілік құрылды.

Ал, 2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап, Банк клиенттерінің шоттарына қатысты барлық операциялар тоқтатылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттың банкі заң негізінде сотқа Банктің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы өтініш жазбақ.

Банк жеке тұлғалардың депозиттерінің міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болғандықтан, депозиті бар тұлғаларға заң негізінде кепілдемелік өтемақы берілетін болады.

Банк қызметіне қатысты өзге де сауалдар бойынша Зинуллина Джемма Мұхамбетқызына хабарласуға болады: +7 (727) 259-60-60.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз