Сальвадор мемлекетінің бұрынғы басшысы Антонио Сака 10 жылға сотталды, деп жазыпты 24.kz.
Оған қазына қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Айта кету керек,
Сака жемқорлықпен айналысқаны үшін жазаға тартылған ел тарихындағы алғашқы президент.
Орталық Америка елдері прокуратурасының өкілдері осылай дейді.
Ресми дерекке сүйенсек, 300 миллион долларды қалтасына басқан. Енді ол мемлекетке 260 миллион доллар қайтаруы тиіс.
Антонио Сака 2004 жылдан 2009 жылға дейін билік басында отырды. Сот сонымен қатар
үкіметтің бұрынғы 6 мүшесін 3 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Олар да «жемқорлықпен айналысты» деп айыпталуда.
https://kaz.365info.kz/zimbabve-prezidenti-zine-arnal-an-eskertkish-ornatty-225656