Жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталады.
Екпе балаларға, медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызметкерлерге тегін. Ал өзгесіне ақылы түрде болмақ. Қазақстанда күз және қыс мезгілдерінде тұмау тарауы мүмкін.
Тұмау вирустары Ресейден таралып жатыр екен. Ауру түрімен күресу үшін миллиардтан астам теңгеге, Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің мәліметінше, голландиялық және ресейлік вакцина сатып алынған.
“Екпе балаларға, медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызметкерлерге тегін жүргізіледі. Ал өзгесіне ақылы түрде болмақ. – Бүгін созылмалы аурумен ауыратын адамдарды егуді бастаймыз. Тегін”, – деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, орта есеппен Ресейлік вакцина – 1600 теңге, голландиялық «Инфлювак» вакцинасы 2800 теңге тұрады. Айта кетейік, жұма күні осы мәселеге қатысты Астанада тағы бір жиын өтеді. Сонда аурудан сақтанудың жолдары толықтай айтылатын болады.
Дерек көз:Ктк.