Әкесі емге іздесе де таптырмайтын бір орысы жоқ совхозда сиыршы, шешесі сауыншы еді.
Өзі ПТУ бітіріп қалада қалды. Ауылдан қатын алды. Қазір баласына орысша ұрсады. Көшеге шықса, қазақша қақпайтын адам болып көрінгісі келеді.
Бірақ, орысшасы тез таусылып қала береді де қазақша араластыруға мәжбүр. Әйелі бірдеме десе чё деп қояды. Биыл алтыға толған немере қызын орыс сыныбына бермекші.
Орысша оқытса ғана білім алатындай ойлайды. Бірақ, сол қала мектебінің өзінде бір орыс мұғалім де, оқушы да көріп берейін десең де жоқ. Сөйте тұра ата, аналардың өтініші бойынша орыс сыныбы ашылған. Ол өзінің топастығына қазақ тілін кінәлауға бар. Оның аты Мырқымбай.
Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан