Қызылордада бір ғана мектепте бірінші сыныптан 21 класс ашуға тура келген.
Бұл қалада бір білім ордасының өзінде 700-ге жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттапты деп хабарлайды 31 телеарна.
Қаладағы оқушылар саны ең көп үш тілді білім беретін “Мұрагер” деп аталатын мектепке биыл 3736 оқушы келді. Тіпті балалардың санының көптігі соншалық, алғаш мектепке келген оқушылардың өзі 21 сыныпқа бөлініпті.
Ұзын саны 4 мыңға жетіп қалған бір мектеп оқушыларына 400-дей ұстаз білім береді. Ал шенділердің осы аумаққа жаңа мектеп салу жоспарлары болғанымен, құрылыс әзір басталмаған.