Елбасы бүгін Алматыға келіп, қаланың бас жоспарымен танысты. Қала көшелерін аралап, жүрдек автобустарға арналған жолақтар мен жаяу жүргіншілер жолы таныстырылды, деп хабарлайды КТК .
Елбасыға алдымен Абай мен Назарбаев, Тимирязев пен Жандосов көшелері таныстырылды. Тимирязев пен Жандосов көшелерінде жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салынып, жол тегістелген. Автобустарға арналған жолақ пайда болған.
Назарбаев бірқатар өндіріс нысандарына бас сұғып, қызметін көрді. Осы орайда жапон-қазақ бірлескен зауытының жұмысымен танысты. Зауыт таулардың беткейлерін нығайтатын, арналар мен бөгеттерді қалпына келтіретін өнімдер шығарады.
Елбасы қаладағы электроавтобустарға отырып көрді. Қаланың бас жоспарымен танысқан мемлекет басшысы қала әкімі Бауыржан Байбекке тапсырмалар берді.