Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Түркістан облысы Мақтарал ауданы Фирдоуси ауылында 1 қыркүйекте хиджаб киіп келген оқушылардың мектепке неліктен кіргізілмегенін Үкімет отырысынан кейін клуарда айтты.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
«Заң бойынша діни киіммен мектепке баруға болмайды. Біз ол жаққа (Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Фирдоуси ауылына – ред. ескертп.) арнайы комиссия жібердік. Оқушылардың ата-анасымен әңгіме жүргізіп, бір шешімге келеміз деген үміттемін. Ол жерде уәкілетті органдар, әкімдік өкілдері бар және біз барлығымыз бірыңғай комиссия құрып, осы мәселені шешуіміз керек. Менің тапсырмам бойынша орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді. Мұндай жағдай Ақтөбеде де болған», – деп қорытындылады Сағадиев.
https://kaz.365info.kz/kim-tiisip-zhatyr-saryagashta-hidzhappen-kelgen-okhushylardy-mektepke-kirgizbej-shu-boldy-video-330297
Еске сала кетсек,Facebooк қолданушысы 1 қыркүйек күні Фирдоуси ауылында болған оқиға түсірілген видеоны желіге жүктеді. Кадрда орамал тағып, ұзын көйлек киген бір топ қыз мектеп басшылығының рұқсатынсыз оқу ғимаратына кіруге тырысуда. Алайда сол жерде тұрған құқық қорғау қызметкерлері мен мекеме басшылары оларды кіргізбей қойды.
Желі қолданушылары қалдырған пікірлерге қарасақ, хиджаб кигенді қолдайтындар мен керісінше мектеп формасын ұстану керек дегендердің саны екіге бөлінді.
«Әр мемлекеттік заңын құрметтеу керек» дегендер де бар.
Село "Фирдоуси" Туркестанская область. 1-ое сентября…
Gepostet von Hamza Asadullah am Montag, 3. September 2018