Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Сұмдық! Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырып ұйықтатпақ болған

177

Балақай айғайлап жылап, тыпырлап жатыр, бірақ әйелдің босататын түрі жоқ. Ата-аналар видеодағы балабақшаның қайда екенін бірден танып қойды.

https://kaz.365info.kz/polu-halal-dintanushy-arakhsyz-otetin-turaly-shyndykhty-ajtty-video-329467

Видеода әйелдің бет бейнесі анық көрінеді, кей желі қолданушылары тәрбиешіні тауып аламыз дейді. Қаланың білім беру бөлімі хабарлағандай, полиция әйел адамды тапқан екен.

“Балаға зорлық-зомбылық көрсету оқиғасы жекеменшік мектепалды мекемеде болған”, — деп хабарлады Теміртау білім беру бөлімі.

“Балабақша білім беру бөлімінің қарауында емес, мектепалды білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс алмаған. Құқық қорғау органдары қызметкердің кім екенін анықтады”.

 

https://kaz.365info.kz/balkhash-tyrgyny-tugan-anasyn-ayausyz-sabap-tastady-329502

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция ҚК 140-бабына сәйкес “Кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау” тергеу жұмысын атқарып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз