Алматының ең ірі жоғарғы оқу орны түрлі мектеп пәндері бойынша педагогикалық мамандықтарды жойды. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мәлім етті.
«Біз осы мәселе бойынша соңғы жылдары мақсатты түрде жұмыс істедік. Біз педагогикалық мамандықтардан бас тарттық. Республиканың барлық облыстарында оны оқытатын профильді институттар мен университеттер бар. Мысалы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет бар. Ал біздің саламыз – ғылыми мамандықтар. Келесі жылдан бастап біз педагогикалық мамандықтарға студенттер қабылдамаймыз»,
Биыл педагогикалық мамандықтарға 160-тан астам абитуриент тапсырған екен. Оларды оқыту жалғаса береді, бірақ жатақханадан орын берілмейді.