Түркістан облысының Ордабасы ауданындаңы бір сүт фермасында автоматтандырылған жүйе іске қосылды.
Бұл туралы “Хабар 24” телеарнасы хабарлады.
Бұл фермада „Бақташы„ деген робот мал бағады. Ол малға жем-шөп беріп, тіпті қораны да тазалайды. Салмағы 600 келі болатын мұндай құрылғы тек осы фермада ғана бар. Тәулігіне мұнда 50 тонна сүт өндіріледі. Одан айран, кілегей, құрт сынды түрлі сүт өнімдері алынады.