Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

“Ұлтым” деп еңірейтіннің бәріне сене бермеу керек

Тағы бірде арнайы шақырып алып “Болайын деп тұрған қазақтың бір баласы бар. Өзі студент, қайтара алмай жүрген аздаған қарызы бар екен, екеуміз соны бөлісіп қайтарысып берсек қайтеді?” деп қолқа салдым. 

“Əрине, дұрыс қой, дұрыс қой, бірақ менде ақша жоқ қой” деп ол жолы да оңай құтылып кетті. 

Жəне бірде тоқтатып алып “Пəленше деген жақсы кісі көп қан жоғалтыпты, екеуміз қан беріп қайтсақ қалай болады?” деп тағы жүгіндім. Бұ жолы да бұрылмады.
“Əрине, дұрыс қой, дұрыс қой, бірақ менің денсаулығым мəз емес қой” деп жəне тайқып кетті. 

Содан ба екен желіде “ұлтым, дінім, тілім, салтым” деп көркем сөзді көпіршітіп, нақты іске келгенде ініне тығылып қалатын замандастарға ішім жылымай-ақ қойды…

Серікбол Хасан,

Фейсбук парақшасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз