Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«380 болады!». Трейдерлер теңге бағамына қатысты сұмдық болжам жасады

Естеріңізде болса, 2016 жылғы 21-қаңтарда KASE-дегі күндізгі сауда-саттық бір «американдық» 384,48 теңге тұратын бағаммен жабылған-ды.

https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-devalvatsiya-bolyp-zhatyr-mazhilis-deputaty-327456

“Альпари” сараптамалық департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова атап өткендей, 2018 жылғы теңге құлдырауын ескере отырып, өткен жылдардағы мәліметтермен салыстырсақ,

доллардың 2016 жылдағыдай қайтадан 380 теңге деңгейіне дейін көтерілуіне жол ашық сыңайлы.

 – Мен бұдан бұрын, егер Ресейде доллар/рубль жұбы 70 рубльден асатын болса, Қазақстанда доллардың 400 теңгеге дейін көтерілуі ғажап емес екендігін айтқан болатынмын.

https://kaz.365info.kz/biz-bittik-tanymal-kharzhyger-khazakhstandy-ne-kytip-tyrganyn-ashykh-ajtty-foto-327605

Бүгін рубльдің долларға шаққандағы бағамы күшейіп келеді, ендеше, теңгенің құлдилауды тоқтатып, тыныстауға мүмкіндігі бар. Алайда, менің ойымша, тамызда рубльдің де, теңгенің де бағамында күшті құбылмалылық байқалатын болады.

Дамушы нарықтардағы ортақ тұрақсыздықтың салдарынан, атап айтқанда, түрік лирасының құлдырауы және қытай юанінің қалыпты төмендеуі, теңге мен рубльдің долларға шақандағы құлдырауын жалғастыруы әбден мүмкін, – дейді Мильчакова.

Осыған ұқсас болжамды “Телетрейд Групп-тың” бас сарапшысы Олег Богданов та айтып отыр. Ол қазақстандық теңгенің emerging markets валюталарының арасында жалпы жағымсыз трендте тұрғанын алға тартты.

– Түркияда, Аргентинада дағдарыстық құбылыстардың күшеюі салдарынан, олардың қатарына Бразилияны, Ресейді және тағы басқаларын қосуға болады, осы елдерден, жалпы, дамушы нарықтан инвесторлар өз активтерін әкетуде. Теңгенің техникалық сипаты жағымсыз болжамдарды растап отыр.

https://kaz.365info.kz/tenge-khyldyrap-zhatyr-sarapshylar-tamyz-ajynyn-sonyna-bolzham-zhasady-327568

Егер нарық 380 деңгейінен асатын болса, онда жақын болашақта теңгенің 400-420 дейін құлдырауы да алыс емес,

– дейді сөзін қорытындылаған Богданов.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз