Қазақстандағы ашық та ақылды бастардың бірі, экономист Айдан Кәрібжанов өзінің парақшасында осылай жазады.
Сонымен оны тыңдап көрсек:
“Санкциялардың Қазақстанға әсері? Нағыз doom scenario (өлім сценарийі).
Рубльдің теңгені өзімен бірге төменге тартып, «санкциялық» құлдырауы әрине, жаман да жайсыз нәрсе. Бірақ одан өле қоймаймыз.
Ол – Ресейдің энергетикалық секторына қарсы терең санкциялар. Онда да бұрғылау технологиялары мен полярлық кеніштерге тиіссе де түк емес. Ең жаманы, Ресейден мұнай тасуға шектеу енгізгені. Бірден айтайын, баспасөзде әзірге мұндай мәселе қозғалған емес.
Ал енді егер де сол Новороссийскпен, Босформен де дей беріңіз, бірдеңе бола қалса,
оның салдары қандай болатынын мен айтпай-ақ қояйын, сіздер білмей-ақ қойыңыздар. Бұл ақырзаман болады біздер үшін.
Сол табыстан айырылсақ, оның орнын ештеңемен толтыра алмаймыз, бұл біздің дәл бүгінгі экономикамыз үшін «өмір сүруге мұрша бермейтін жарақат» болады.
Бір көрімі, КТК-да, Тенізшевройл мен Қашағанда да америкалық акционерлер бар. Олар өздеріне қарсы «оқ атпауы» да мүмкін. Құдай сақтасын одан”,
– деп жазады Айдан Кәрібжанов.
Фото: Айдан Кәрібжанов, facebook-тегі парақшасынан алдық
https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-devalvatsiya-bolyp-zhatyr-mazhilis-deputaty-327456