Желіде әл-Фараби даңғылымен ешкімге жол бермей жүріп бара жатқан мемлекеттік нөмірсіз, терезелерін қараңғылап алған көліктер шеруінің видеосы тарап жатыр.
Желіге видеоны блогер Александр Цой жүктеген.
“Біздің полиция реформалары мен қылмыстың азайғанын айтып есеп беріп жатқанда, Алматы шектен шыққандар қаласына айналуда. Бұл жерде сені тапа-тал түсте тонап, ұрып-соғып, өлтіріп және мынадай “шумахерлер” жолда ойларына келгенін істеп жүре береді.
Күндізгі уақытта мемлекеттік нөмірсіз, қара терезе, арнайы дабылмен жүр. Иә, иә, соған қарамастан қылмыс азаюуда”, дейді блогер.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Полицияның хабарлауынша шеруді ұйымдастырғандар іздестірілуде.
“Полиция әкімшілігі бөлімшесінің арнайы жасақ батальоны шеруді ұйымдастырушыларды анықтау үшін жұмысқа кірісті. Шара қолданылады.Күдіктілер жауапқа тартылады” деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.
https://kaz.365info.kz/aj-erlan-aj-akesin-ajyppyldan-khytkharmakh-bolgan-shymkenttik-politsej-maskhara-boldy-video-18-326526