Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қылмыстық істің бетін ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.
5 тамызда түнде жедел жәрдем көлігімен қалалық орталық ауруханаға 34 жастағы әйел пышақ жарақатымен түсті. Ол есін жия алмай, көз жұмды.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 20 жастағы күдікті азамат ұсталды. Ол мас күйде жүріп, қаладағы сауда үйлерінің бірінде әйелді пышақпен жарақаттағанын мойындады.