Белгілі режиссер Талғат Теменов өзінің «Гүлназ» атты повесі желісінде түсірілген көркем фильмнің «жалғасын» түсіріп жатқан Баян Мақсатқызына өкпесін білдірген еді. Осыған байланысты Баян Алагөзова режисерге жауап беріп, түсіріп жатқан фильмі жайлы айтып берді.
Бұл туралы Abai.kz хабарлады.
“Мен «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіріп жатқан жоқпын. Бұл мүлде бөлек шығарма. Мүлде бөлек авторлар. Мүлде бөлек оқиға желісі. Менің түсіріп жатқан фильмім – «Тағдыр бекеті» деп аталады. Фильм түсіруге құқығым бар ғой.
Талғат Теменовтің повестінен ештеңе ұрлаған жоқпыз. Оқиға желісі мүлде ұқсас емес. Керек десеңіз, Талғат Досымғалиевичтің фильміне, оның сценарийіне еш қатысымыз жоқ. Ал мен өз фильмімде кімдерді, қандай актерлерді ойнатамын, оны өзім шешемін. Ол менің жеке шаруам ғой.
Иә, кейіпкерлерімнің аты Гүлназ бен Орал. Гүлназ бен Орал деген – халықтық есімге айналып кеткен”, дейді Алагөзова.
https://kaz.365info.kz/kim-rykhsat-berdi-bayan-alagozovanyn-basy-tagy-dauga-khaldy-325659
Ешқандай авторлық құқықты бұзбағандарын айтады.
“Иә, фильмде «Махаббат бекетінің» музыкасын пайдаланбақпыз. Ол үшін музыка авторы Төлеген Мұхамежанов ағамыздан рұқсат алдық”, дейді.
“Ал «Махаббат бекеті» фильмінің кейбір кадрларын пайдалану деген мәселеге келсек,бұл фильмнің авторлық құқығы «Қазақфильмге» тиесілі. Талғат Досымғалиевич осыдан 25 жыл бұрын, авторлықты «Қазақфильмге» өткізіп берген.
Ал қазір авторлық меншік ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Менде вице-министрдің қолы қойылған рұқсат қағазы бар. Сондықтан, мен авторлық құқықты бұзды дегенмен келіспеймін.
Талғат Досымғалиевичпен байланыс орнатпақ болдық. Телефонын өшіріп тастаған. Хабарласа алмадық. Ол кісімен тікелей сөйлескен жоқпыз. Әйтпесе, адам секілді алдынан өтпек едім. Өзі қалаған жоқ.
Ал енді, фильмнің сценарийін оқып алмай жатып, «менікін ұрлады» деген ұят әңгіме.
Ол кісінің фильмі – «Махаббат бекеті» деп аталса, менікі – «Тағдыр бекеті» деп аталады”, дейді Баян Алагөзова.
Кезінде, тоқсаныншы жылдары Талғат ағамыз «Махаббат бекетін» түсірді. Ол көрерменнің ең жоғарғы бағасын алды. Ол даусыз.
https://kaz.365info.kz/shymshylap-tojda-birge-bolgan-khajrat-nyrtas-pen-nyrzhan-tolendievtin-areketine-zhyrt-tysinbej-khaldy-326176