Ақтауда хирургтер 12 жасар қыздың асқазанынан 35 см болатын шаш алып шықты. Шаштың салмағы 3 келі 560 грамм.
Бұл туралы балалар ауруханасы хирургия бөлімінің жетекшісі Сұлтанбек Тұмашев хабарлады.
Хирургтың айтуы бойынша асқазанның барлық бөлігін шаш алғаны соншалық, тамаққа орын қалмаған.
“Ақуыздың жетіспеушілігі мен аяқтың ісінуіне байланысты қызды отаға екі күн дайындадық. Отаны Жәнібек Теміров пен бірге жалпы наркоз беру арқылы ашық түрде жасадық. Асқазан созылып, кіші жамбасқа дейін жеткен. Асқазанды ашқан кезде салмағы 3 келі 560гр, өлшемі 35х13 см болатын шашты шарды көрдік. Ол ас ішекте болды. Асқазан мен ішекті жуып, шайып тіктік. Ота 13 шілдеде жасалды, бәрі сәтті өтті. Созылып кеткен асқазанға қарамастан науқастың тәбеті жақсы. Бүгін үйіне шығарылды”, деді Сұлтанбек Тұмашев.
33 жылдық еңбек өтілі бар хирургтың бұл екінші рет жасаған отасы екен.