Елбасының сөзінше, бұған көлік-логистикалық кешені ықпал етеді.
«Жол салып жатырмыз. Темір жолдар, автожолдар не үшін салынып жатыр? Себебі көлік – бұл өмір. Мен салған жолмен біздің шөберелеріміз жүріп, еске алатын болады. Біз неміс жолдарымен рахаттана жүреміз.
Ал оны соғыстан кейін Конрад Аденауэр салған. Испанияда Франко жол төседі. Адамдар әлі күнге дейін оны пайдаланып келеді.
Демек инфрақұрылым барлығы үшін өте маңызды. Облыс Ресейдің шекара маңында орналасқан үш облысымен көршілес жатыр. Бұл жағдай облыстың, Қазақстанның дамуына септігін тигізуі керек. «Нұрлы жол» сіздерге бәрін беріп жатыр емес пе?», – дейді мемлекет басшысы.