Ақмола облысы Бурабай демалыс орнында республикалық мемлекеттік санаторийдің экс-директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды сот актісіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сонымен қатар, сот жемқорлыққа қарсы шараның жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.
https://kaz.365info.kz/khazaviakhytkharu-men-khazaviaormankhorgaudyn-basshylary-byudzhet-akhshasyna-shalkhyp-omir-syrgen-287280
Санаторий басшысы қолдау көрсеткені үшін тендер жеңімпазынан жалпы соманың 10 пайызын талап етіпті. Кәсіпкер әйел қиындықтарды сылтауратып, пара көлемін 5 пайызға дейін төмендеткен.
Орталық басшысы әйел адамнан ақша алу үшін Щучинскідегі дәмханаға шақырады. Ойын-сауық орнына бастық орынбасарымен бірге оның жеке көлігі Lexus LX470 мініп келген.
Кешкі ас ішіп болған соң, шенеунік орынбасарынан көліктің кілтін алып, пульт арқылы есігін ашады, кәсіпкер әйелден 5 миллион теңгені көліктің артқы орындығына қоюды сұрайды. Содан соң, оны жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлері парамен ұстаған.
https://kaz.365info.kz/2-mlrd-tenge-ajyppylmen-bostandykhkha-shykhty-300854
Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісім жасасыпты. Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды пара алғаны үшін айыпты деп таныды.
Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды.
Бұдан бөлек, сот бақылаудың әлсіздігі мен жемқорлықтың алдын алу шараларының жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.