Ауылда болған оқиға. Кластастар ма әлде достар ма? Бәрі жиналып тойлап жүр. Күннің ыстығын басуды да ұмытпапты. Бірінің жүк көлігінің кузовына су толтырып, шомылып жүр.
Ал көлік көшенің ортасымен өтіп, ауыл аралап жүр. Видеодағы жігіттердің сөзіне сенсек, бұл Арыс қаласы көрінеді.
„Оқиғаны бейнекамереға түсірген ер азамат суды жан-жаққа шашпауды сұрады. Ал суға рахаттанып шомылғандар болса бір-бірін мақтап әлек„ деп хабарлады Nur.kz.