Қарттар үйінен келген әжейлер тағдырын баяндап берді. Әжелердің әңгімесін тыңдаған Ләйлә Сұлтанқызы эфир кезінде көз жасына ерік берді.
“Өз ойым” бағдарламасында қарттар үйінде тұрып жатқан әжелер қонақ болды. Олар қарттар үйіне қалай келгенін, қазіргі жағдайының қандай екенін айтты.
https://kaz.365info.kz/yyat-khajda-lajla-syltankhyzy-elitaly-keshke-tosin-ashyp-keldi-282397
“Қарттар үйі – мен үшін жұмақ. Барлық жағдайы жасалған. Киімі де, тамағы да, дәрісі де бар. Ешкімге ренішіміз жоқ. Бәріне бірдей қарайды. Қызметкерлері жақсы күтеді”, – деді қазақ әжей.
Тағы бір әжеміз қарттар үйіне қалай келгенін айтты.
“82-ге келгенде немере сіңліме алданып, қағазға қол қойдым. Сенген адамым алдап кетті. Ақшасыз қалдым. Амалсыз қарттар үйіне келдім. Адамға сенгіштігімнен, бір жағы надандығымнан қателік істедім”, – деп өкінеді әжей.
https://kaz.365info.kz/kamera-oshpegen-ba-lajla-syltankhyzy-tikelej-efirde-yyatkha-khaldy-video-322125
Қарттардың ауыр тағдыры көрерменнің көңіліне қаяу салды. Көпшілік көзіне еріксіз жас алды.