Семейлік бойжеткен полицейлерге жалған ақпарат берген.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 19 жастағы бойжеткен полицейлерге ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Полицейлер іздеу кезінде бойжеткеннің жалған ақпарат бергенін, ұялы телефонын өзі сатып жібергенін анықтады. Бойжеткен кінәсін мойындады.
Бойжеткен заңсыз әрекеті үшін 3 мың АЕК (7 млн 2015 мың теңге) көлемінде айыппұл төлейді не 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.