Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев өзінің Инстаграм парақшасында әжесін еске алып жазба қалдырған екен. Жүрекжарды жазбасы көпшіліктің көзіне жас алдырып, жүрегін ауыртты.
30 маусым күні Жігердің әжесі өмірден озды. Жігер әжесін қатты жақсы көрген, әжесі де Жігерді жақсы көріп, қаладан үйіне барған сайын қуанып, қайтарында қимай қоштасатын.
“Қаладан ауылға жол түскенде ең бірінші әулетіміздің қара шаңырағына ат басын бұруға асығатынмын.
Асығуымның себебі,әулетіміздің қазынасы,атам Әуіпбайдан бері салынған тариxи жолды көзімен көріп, құлағымен естіп, бойына сіңірген тірі шежіре, асыл әжемнің біз үшін сандығына сары майдай сақтап қойған сарқыттарынан ауыз тиіп,жайлаудай жайылған етегіне бір аунап сағынышымды басу еді.Бірақ әр барған сайын әжемнің жүзінен “шебер тағдырдың” ойып тұрып салған жаңа әжімдерін көріп көңілім құлазитын.
https://kaz.365info.kz/kozime-zhas-tolyp-zhiger-auypbaev-kishi-khazhylykhtan-kelgen-azhesinin-ayagyn-syjdi-video-317085
Ауылдан қайтарда әжем батасын беріп,
-“Менің қанша уақытым қалды дейсің,анау өмірге қол көтеріп тұрмын ғой. Сен келесі келемін дегенше мен бармын ба? Жоқпын ба? бір Құдай біледі. Аман бол қарағым.”-деп көзіне жас алып дарбазаның сыртына дейін қимай-қимай шығарып салатын.
https://kaz.365info.kz/zhurnalister-kinali-eken-zhiger-auypbaev-tyrkiyadan-video-yndeu-zholdady-258265
Бұл жолы қара xалық болып көзімізге еріксіз жас алып асыл әжемізді,ҚАЖЫ әжемізді қимай-қимай мәңгілік өмірге шығарып салдық .
Әрине,өте қиын…Әрі қимастық сезім… Бірақ ақылға салып қарасақ мәңгілік өмір “бұл дүние” емес “арғы дүние” ғой.Бәріміз сол жаққа қайтарыламыз…” деп әнші қайғысымен бөлісіпті.
https://kaz.365info.kz/nege-solaj-zhiger-auypbaev-salafit-pe-255907