Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері атанған түлек өз қатарласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ұзақ уақыт телефонын көтермей кешіккен баласының қан-жоса болып көшеде жатқанын әкесіне белгісіз біреу қоңырау шалып айтыпты.

“Мен білмей қалдым. Бәрі жан-жаққа жүгіргенге менде жүгірдім. Барсам менің балам жедел жәрдемнің ішінде жатыр. Есі болды. Мама “үйге қайтшы, ештеңе ойламашы бәрі жақсы болады” деді”, деп еске алды анасы.

Дәрігерлер Азатты аман алып қала алмады. Үш жерінен пышақталған баланың бір соққы дәл жүрегіне тиіпті. Күдікті бірнеше күннен кейін ұсталды. Ол да биыл ғана мектепті бітірген жас түлек. Өзі -“Алтын белгі” иегері. Физика-математика мектеп-интернатының үкілі үміті. Ұстаздары шәкірттерінің бұндай іске шатылып жатқанына сене алар емес.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз