Талдықорған қаласының екі тұрғыны менингококк инфекциясын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.
Бұл ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақ растады.
«Иә, клиникалық диагнозбен 21 және 19 жастағы екі жігіт ауруханаға түсті. Қазір зертханалық сынақтар жүргізілуде. Сондықтан нақты бірдеңе айтуға әлі ерте», – деп түсіндірді ол.