Bek Air әуекомпаниясы Шымкент — Астана рейсін орындаған ұшақтағы оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Оқиға 14 сәуірде болыпты. Әуе компания мәліметінше, екі мас жолаушы экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, жолаушылардың бірі аға жолсерікті бірнеше рет ұрған.
Іс аясында аға жолсерік пен екі жолаушыны беттестірген. Алайда басқа шаралар әлі қабылданбапты.
Bek Air атап өткендей, оқиғаға куә болған өзге жолсеріктер мен жолаушылардан жауап алынған жоқ.