Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Аға, көмектесіңіз…”. Ағылшындар Машкевичтің масқарасын шығарды

123

https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

Осы істі тергеуді қолға алған Лондондағы Алаяқтықты тергеу бюросы (Serious Fraud Office, SFO) қазақстандық алпауыт компанияның да атын атап қалуда.

Қазақстанның қандай қатысы бар?

Бұдан бұрын Дэн Гертлер АҚШ пен Ұлыбританияның Конгода бірлесіп жүргізген тергеуіне де тартылып, фигурант болған-ды. Атап айтарлығы

SFO-ның, яғни Алаяқтықты тергеу бюросының Glencore-ге деген қызығушылығы қазақстандық ENRC Ltd тау-кен өндіру компаниясының басшыларына қатысты жүргізілген тергеу барысында туындаған болатын.

Істің мән-жайын анықтау алты жылға созылған-ды, ENRC Ltd қызметкерлері Гертлер арқылы конголық шенділерге пара ұсынды деген күдікке ілінген болатын. Алайда осы оқиғаның фигуранттарының барлығы „заң бұзушылыққа қатысымыз жоқ„, деп міз қақпай отыр. Әзірге оларға ешқандай айып тағылған жоқ. ​

https://kaz.365info.kz/klinton-men-trampty-b-sekesinde-mashkevichti-aty-ataldy-217039

Кімнің мүддесі жатыр?

Қазіргі таңда ENRC Ltd компаниясы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылатын Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық компаниялар тобының құрамына кіреді.

Аталмыш компания Люксембургте тіркелгенімен оның активтерінің негізгі бөлігі Қазақстанда орналасқан.

Компания сайтынан алынған мәліметтер бойынша, ERG Конго  демократиялық республикасында мыс және кобальт өндіреді, сондай-ақ Boss Mining, Frontier и Comide кәсіпорындарында кен өңдейді. Тағы бір қатар тау-кен активтері мен олардың маңында орналасқан өңдеу кәсәпорындары да осы Конго демократиялық республикасында орналасқан.

ERG-ның құрылтайшылары қазақстандық миллиардерлер:

  • Александр Машкевич,
  • Алиджан Ибрагимов
  • Патох Шодиев.

Жаңа заман, 90-жылдар былығына орын жоқ…

Конго үкіметінің өкілі Конго Ламберт Менде Bloomberg сауалына жауап бере отырып, республика билігінің Жозеф Кабилаға қатысты басталғалы жатқан тергеуге қатысты ешқандай алаңдаушылық білдіріп отырмағанын жеткізді. Ал SFO, Glencore мен Дэн Гертлердің өкілдері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

https://kaz.365info.kz/transgenderdi-ynatady-ajelinin-shuly-zhazbasynan-son-khazakh-oligarhy-azhyrasatynyn-ajtty-295750

Ал қазақстандық тарапқа келсек, экономист Әсет Наурызбаев атап өткендей, қандай бір алаңдаушылық тудыратын негіз жоқ.

 

— Ол жақта Glencore-ге қатысты тергеліп жатқан істің жекелеген адамдар үшін қандай да бір зардаптары болуы мүмкін. Бірақ оның Қазақстанға ешқандай қатысы болмайды. Glencore — өте үлкен компания, ол әлемдегі ең ірі трейдерлердің бірі, иелігіндегі капиталы да орасан зор. Әлбетте, ол түрлі келісімдер жасайды, олардың арасында Қазақстан сияқты елдердің болуы әбден мүмкін. Ал Алаяқты тергеу бюросының міндеті сол келісімдердің таза және адал жасалуын тексеру, анықтау болып табылады. Бірақ

Өз басым Glencore заңгерлері қандай да бір теріс істерге барды деген ойдан аулақпын

Әлбетте, олар біреуді «қолынан шап бергісі келеді». Бұл сонау 90-жылдарда басталған үрдіс, ол кезде компаниялар заңгерлердің біліктілігінің төмен болуы салдарынан олақай әрекеттерге орын беріп, оларға қатысты заңсыз әрекеттерді әшкерлеуге болатын еді. Бірақ 2000-жылдардан бастап, олигархтар өздері тарапынан жасалған келісімдерді өз ісін жетік білетін халықаралық деңгейдегі заңгерлердің қатысуымен жүзеге асыруда. Сондықтан қазір ол жерден қандай да бір ілік табу оңай шаруа емес, — деген пікірде Наурызбаев.

https://kaz.365info.kz/tramp-aza-standy-bajlarmen-auyz-zhalas-an-adam-eken-236944

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз