Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Шешеме бергені мынау ма?..”. Бесік тойда келін шу шығарып, төркініне кетіп қалды

276

 

 

https://kaz.365info.kz/zhas-balaga-shygypty-tek-khana-khyzdardagy-mereke-tyrmys-khyrdy-foto-314298

Не болса да салт-дәстүрді үзбеу үшін олар дастархан жайып қонақ шақырған. Қыздың анасы жаңа туылған немересіне көптеген сый-сыяпаттар алып келіпті. Алайда оған жауап ретінде күміс алқа алғанда ол қатты ашуға бой алдырған.

“Қонақтар кетіп қалған соң құдағиым дау-дамай көтеріп, ренішін білдірді. Өз жағдайымды айтып түсіндіруге де мұрша бермей есікті тарс жауып кетіп қалды”, – дейді Тұрсын апа.

Екі құдағи бұл оқиғадан кейін бір-бірін қонаққа шақыру тұрмақ, қоңырау шалуды да тоқтатқан көрінеді. Анасын ұятқа қалдырды деп санаған бойжеткен де қайын жұртына мінез көрсете бастаған.

“Ол бөлмеден шықпай қойды. Үй жұмысы былай тұрсын, немеремізді де сирек көретін болдық. Уақыт өте келе жағдай жақсарады деп күтіп жүргенімде ұлым ажырасатындарын айтты. Біз келінді райынан қайтармақ та болдық. Алайда ол біздің көз жасымызға да қарамастан кетіп қалды”, – деп ағынан жарылды қайын ене.

 

https://kaz.365info.kz/khasynda-bolsam-ajyratyn-edim-zamira-tagy-da-shu-shygardy-video-314319

Осылайша, күміс алқа кесірінен келіншек күйеуінен де ажырасып кеткен. Бүгінгі күні ол анасының қолында тұрады.

“Бәрінен де ұлыма жаным ашиды. Бұлай боларын білгенде қарызға кіріп алып беретін едім алтынын, бірақ олардың біздің жағдайды біле тұра, түсіністік танытпағандары жүрегіме қатты тиді. Ажырасумен шектелмеген олар енді немеремді көру құқығымнан да айыруға ниет білдіріп отыр”, – деп қорытындылады Тұрсын апа.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз