Қазақ ән өнерін әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің артынан ерген жалғыз қарындасы туралы анасы Света Айтбаева Today.kz-ке әңгімелеп берді.
Өнерлі отбасынан шыққан Раушан Құдайберген де ән салады.
Назарбаев зияткерлік мектептері техникалық бағытты тереңдетіп оқытады. Света Айтбаеваның өзі де әлі қызының қай салаға кететінін білмейді.
“Бала өзі қай бағытты қалайды соған қарай бейімдейміз. Эстрада келу-келмеуді қызымның өзі шешеді”, – деді Света Айтбаева.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада өтетін Қазақстан халықтарының ассамблеясы концертінде Димаш Құдайберген Раушанмен бірге “Дудар-ай” әнін орындайды. Ағайында дуэттің дайындық кезінде түсірілген видеосы әлеуметтік желіде тарап та үлгерді.