Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Ал қайтесің?..”. Singer ұйымдастырушылары Димашқа не істегенін білесіз бе? (видео)

178

Оның үстіне биылғы жеңімпаз ағылшын әншісі Джесси Джейдің жанында Лэмді көрсетудің өзі ұят көрінеді.

Ал Димаш нағыз мақтанатын тұлға. Осылайша конкурсты ұйымдастырушылар Димаштың үздік екенін ақыры осылайша мойындаған. Бұл – Қытайдың әлеуметтік желі талқысында тезден өткен бір әңгіменің шеті.

https://kaz.365info.kz/sary-khyz-dimash-tugan-kharyndasyn-sahnaga-alyp-shykhty-foto-video-313237

Екіншісі, биылғы бүкіл конкурсқа жұмсалған күш бекерге кеткен-мыс. Өйткені бұл жолы сынға түскендер туралы қызу талқы болмаған, керісінше биылғы, яғни

2018 жылғы жеңімпаз – ағылшын әншісі Джесси Джей мен 2017 жылдың үздігі Димаш Құдайбергенді көрермендер өзара салыстырып, әбігерге түскен. Қайсы күшті, қайсы мықты? Батыс па, әлде Азия ма?..

Осы сауал төңірегінде Қытайдың әлеуметтік желісінде қызу талқы жүріпті.

Үшіншіден, конкурсты ұйымдастырушылар Қытай көрермендері Димашты үнемі салыстыратын Хуа Чинді де осы жобаға шақырған. Хуа Чин Димашқа қатысты сауалнамаларда үнемі бой көрсетіп отыратын Қытайдың беткеұстар жас әншісі көрінеді.

https://kaz.365info.kz/khytajlardyn-esi-shykhty-dimash-tagy-zhardy-video-279484

Екеуі де жас, екеуі де таланатты, екеуі де әдемі, екеуі де сахнада әннің нақышын келтіріп орындайтын жоғары білікті кәсіби музыкант әрі композитор, екеуінің де фанаттары шексіз. Сондықтан Димашқа бұл жолы осы Қытай әншісін ғана емес, сонымен қатар ағылшын әншісін де жолдан тайдыратындай бола алуы керек болды. Күткендей Димаш үлкен бәске бас тікті.  Мұны оның Галаконцерттегі өнерін тамашалаған кәсіби мамандар айтып жатыр.

Хуа Чин, 2018

Ол аты аңызға айналған рок әнші Лайонел Ричидің атақты „Hello„ әнін орындады. Бірақ оны азиялық реңкпен қайта әрледі. Батысқа таң қазақтың сыбызғысын қосты. Ұлттық оркестр ойнады. Өте күрделендіріп жіберді. Оның үстіне осы әнді орындаушы Лайонел Ричидің табиғатында жоқ драматизмді қосты.

Осылайша рок балладаға ұқсас боп шыға келгенде таң қалмаған өнер адамы жоқ шығар. Онда да әнді бір жанрға да жатқызу қиын, эмоция, драматизм, қойылым жағынан алғанда ол операға көбірек жақын, әсіресе хор қосылған жерінде, бірақ аранжировка, әуезі жағынан алғанда оны рок ретінде қабылдайсыз.

Тыңдарман зерігетіндей емес, керісінше демін ішке тартып, таң қала береді. Өйткені енді түсініп келе жатқанда барлығын басқа арнаға бұрады ол.

Иә, ол түсініксіздігімен елді елеңдетіп, осы жағынан қауіпке бас тікті. Өйткені адамдар үйренген нәрсесіне адал болады, ал бөтеннің аты бөтен дегендей.

Бірақ жан дүниесі бір төңкеріліп түсетін тыңдарман бұл тек Димаштың талантының арқасында мүмкін екенін жақсы біледі. Қалай одан кейін оған тыңдармандар табынбайды.

https://kaz.365info.kz/khazakhtar-orys-emes-pe-dimashty-algash-korgen-karis-zhigiti-tan-khaldy-video-268435

Осылайша Галаконцертте өнер көрсеткен Димаш тағы да дүлдүлдермен тізгін қағыстырып, осылайша сырттай сынға түсті. Ол бұл жолы да жеңіске жетті. Фанаттары желіде оның осы Галаконцертте орындаған жаңа әнін талқылап, әлі де дабыр-дұбыр боп басыла алмай жатыр.

Айта кетелік, 21-сәуірде былтыр Димаш қатысқан Қытайдағы „Мен әншімін„ жобасының 2018 жылғы сынағы өз мәресіне жетіп, галаконцерт болды. Оған өткен жылдың жеңімпазы ретінде Димаш Құдайберген қонақ ретінде шақырылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз