Шымкентте қорқор мен темекі сататын кәсіпкерді қызымен қоса пышақтап, аяусыз өлтіріп кеткен өз немересі болып шықты деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жантүршігерлік қылмысқа барған 24 жастағы азамат өзінің туған анасы мен нағашы атасын өлтіріп кеткен. Бұл туралы кешелі бері тіс жармаған полицейлер айтып берді. Олар күдіктіні бірден ұстаған екен.
Қылмыскер өз кінәсін толық мойындағанымен, оны не үшін жасағанын айтпапты.
https://kaz.365info.kz/temirtauly-k-sipkerdi-ltiru-shin-2-million-te-ge-synyl-an-218268
Аталмыш іске қатысты азаматтың үстінен «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қанды оқиға болған үйдің көршілері мерт болған әйел бұл жерге жақында көшіп келгенін айтады.
“Көршілердың айтуынша, әлгі жас жігіт анасы мен нағашы атасын өлтіріпті-міс. Ал күдіктіні полицейлердің тек бір іш киіммен ғана үйден алып шығып жатқанын өз көзіммен көрдім. Үсті-басының бәрі қан еді”, – дейді көршісі Петр Кривцов.
https://kaz.365info.kz/oltirip-as-sodasyn-sepken-anasyn-oltirgen-balaga-khatysty-symdykh-zhagdaj-zhariya-boldy-308831
Марқұм әйел осы үйде баласымен бірге тұрған. Ал, ажалын немерісінің қолынан құшқан нағашы атасы Түркістаннан қыдырып келіпті. Олардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.
Еске салсақ, үшінші сәуір күні Шымкентте 70 жастағы кәсіпкер мен оның 45 жастағы қызы өлі күйінде Жұманов көшесіндегі өз үйлерінен табылған болатын
Дерек көз:Nur.kz.