Баян мен Байзақова бастап, орыстілді барша қауым қостап, кешегі жезөкшелерді ұрған Жан Ахмадиевті жағадан алуда. Оны «неадекват», «дибил» деп күйініп-ақ жатыр.
Ал қазақтілді қауым Жан Ахмадиевті жерден алып жерге салып жатқан жоқ. Олар жайбарақат. «Жезөкшені қамшымен қуғаны жөн нәрсе ғой», деседі.
Бәлкім, қазақтың қамшысы орыстілді қауым үшін қорқынышты көріне ме? Онда шынымен қазақтың киесі бар ғой.
Жә, бұл Қазақстанды бір адамдай білеміз.
Құдай біледі, қазір орыстілді қауым Алматының ДВД-сына қысым жасап жатқан шығар, жан-жақтан.
«Жазалау керек, айып салу керек мына бұзақыға» деп қызылкөз пәлелер тасырлатып хат жазып, телефон шалып жатыр-ау.
Баяғы ДВД не істейді? Жан Ахмадиевті шақырар. Одан жауап алып, ақыры «былай болыпты, жезөкше дегеніміз анау екен, бұл тірліктің мәні мынау екен», дегендей ресми мәлімдеме жасап құтылар. Жанды соттай, ма соттамай ма, өздері білсін,
бірақ кеше WhatsApp желісінде масқара видео қолдан-қолға тарап кетті.
Ары кетсе 13-14 жастағы екі қыз бала камера алдында шешініп, бір-бірімен сүйіседі. Таза балалар порнографиясы. Көруге жүрек дауаламайды.
«Берсең болды…». Вацапта 500 теңгеге шешінетін қазақ қыздары бар (18+)
Осы видеоны таратқан кім? Видеодағы балалар – кімнің балалары? Кім екен, әке-шешесі? ДВД Жанның жағасынан алғанша, осы видеоны кім таратып жібергенін тексермей ме? Әлгі Зағипа Балиева қайда?
«Мен де мисспін!». Facebook-тің тағы бір жұлдызы жалаңаштанды