Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Оңтүстік өңірінің құрметті азаматы атағының иегері – Бахыт Шадаева “Ұнамаса, қарама” атты жобаға сұхбат берді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Отбасы жағдайыма байланысты өнерден шеттеп қалдым. Екі жыл болды қайта сахнаға шықсам деймін. Өз өзіме қарауға уақытым жоқ. Уақытылы тамақтанамын, аз болса да қатарымнан қалыспай көңіл бөлемін. Елуге жақындасам да, қырындайтын жігіттер көп. Жалғыз қалғым келмейді,жалғыздық Құдайға ғана жарасқан деп жатады ғой. Нәзік жанды әйелмін, қасыма тіреу болатын, жағдайымды түсінетін, бәрін дұрыс қабылдайтын ер азамат ұсыныс жасаса қарсы емеспін.
https://kaz.365info.kz/zhiberinder-akhtobede-oz-tagdyryn-sahnadan-korgen-kelinshek-shydamaj-zaldan-shygyp-ketti-304103
Жақсы бір хит ән үшін ізденісте жүрмін. Композиторлар бізді ысырып қойған сияқты, жақсы әндерін жастарға ғана береді.
“Жастарға айтқым келеді: жастар-ау сіздер де менің жасыма келесіңдер, сол кезде не болады. Мені қазір сыйласаңдар ертеңгі күні сендерге де солай құрмет болады” деп.
” Бір кездері Сейфуллин Жолбарыспен дуэт айтқан болатынбыз. Қазір арамыз онша емес, сәлеміміз де дұрыс емес. Інімдей жақсы көрдім, сыңарымдай қабылдаған едім. Бірақ, ол сенімімді ақтамады. Арамызда пәтер сатып алу мәселесі жайлы кикілжің болды. Жақсылықтарымды ұмыта бастады, бәрін жоққа шығарды, сенен де басқа мықты әншілер бар дегендей тұмсығын көтерді. Осындай қылықтарымен мені өкпелетіп қойды. Сөзінде тұра алмаған жігітке өкпелімін. Бірақ, өнер адамы болғансоң сыйлаймын. Реніштің бәрі өтіп кетті. Сейфуллин жақсы әнші, әндері жүрекке жақын, халық алдында жүрген өнер адамы, мен оны сол үшін сыйлаймын”, деді әнші сөз соңында.