Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Бұл қатынға қайдан ғана жолықтым?» – бір жігіттің көз жасы

455

Өткенде бір досымның тойында болдық. Гитара, домбыра тартып ән салатыным бар еді. Той қыза келе жұрт қолқалаған соң ән айттым. Одан сол жерде тойға арнайы шақырып, ән салған әнші қызбен бірігіп бір-екі әнді дуэт болып орындадық. Тізесінен жоғары көйлек киген әдемі әнші қыз ән айтып тұрып менің қолымнан ұстап, маған бірнеше рет наздана қарап еді, әйелімнің көзі шарасынан шығып кете жаздады.

«Ойпырмай, қазір ортаға жүгіріп шығып, екеуімізді екі ұрар ма екен», деп шошыдым. Әйелім көпшілік ортада әдеп сақтады ма, өйтпеді. Тек жанына отыра бергенде «о, сорлы, бүкіл елдің көзінше мені позор еттің. Анау әнші емес қой, киген киіміне қара, таза жәлеп. Сонымен мәз болып ән айттың. Үйге барған соң, әкеңді танытамын», деп әйелім ызғар шаша құлағыма сыбырлады.

Енді үйде тағы бір сойқанның болатынын ойлап, жүрегім дүрсілдеп, мазам кетті. Халық «жұп болсын» деп қолқалап еді, әйелімнің жайы белгілі болған соң, «Режімеңіздер, ауа жетпей, жүрегім қағып барады, қайтайық», деп әйелімді жетелеп, той иесімен қоштасып, сыртқа беттеп бара жатыр едік, әлгі әнші қыз артымыздан ере шығып: «аға, дауысыңыз жақсы екен. Тойларда бірге дуэт айтайық. Мені тойға жиі шақырады. Тәп-тәуір ақша жасауға болады», деп телефон нөмірімді сұрап алды. Әнші қыз қиылып тұрған соң амалсыз бердім. «Жоқ, болмайды» деп айта алмадым. Онымен қоймай, ол «жақсы, аға» деп қол беріп қоштасып, бетімнен сүйіп, өзінің бетін тосқаны. Амалсыз сүюге тура келді.

Мұны көрген әйелім жынданып кете жаздады. Былай шыға Бағила тістене сөйлеп: «Бейшара, мені ешуақытта бетімнен сүйіп, мәдениеттілік көрсетпеп едің. Ана қатынды қадала сүйдің ғой. Еше бірігіп ән айтпақшы екенсің ғой. О, сорлы! Бір ұрып жағыңды сындырып, отыз екі тісіңді қағып алайын ба, осы? Әкел телефоныңды» деп ұялы телефонымды алып, сим-картасын екі бүктеп сындырып лақтырып жіберді. «Ертең басқа симка аласың. Ана әншіні ұмыт. Соның жалтыраған санына, бұлтиған бұты мен торсиған төсіне қарап өліп қала жаздадың ғой. Көрсетейін мен саған», деп үйге жеткенше долданып келді.
https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006
Құрсын. Осы оқиғадан кейін тойға баруды да доғардым. Барғанда не керек, әйелім «ішкенімді ірің, жегенімді желім» етеді.

Өмірім өстіп өтіп жатыр. Қалайда тезірек ажырасып кетсем бе, деймін. Отбасында ер адамның орны болмаған соң, сөзі өтпеген соң не керек?

Бүкіл өмірімді бір қатынның айдауында өткізгім келмейді.

Жұрт «әйелің әнші бомасын, күйеуің таксист болмасын», деп жатушы еді. Менікінің жанында ол түк емес секілді. Ең бастысы, әйелің спортшы болмасын! Әлі үйленбей жүрген еркек кіндіктерге айтарым осы.

Жармахан Майқы
https://kaz.365info.kz/bokser-khatyn-bybish-eniregen-ermahan-ajeldin-kyjeuin-yruy-dyrys-pa-283751

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз