Ресей тыйым салған “Сталиннің өлімі” фильмінің Қазақстанда да көрсетілмеуі қоғамның наразылығын бұрқ еткізді.
Айта кетелік, ағылшындар Сталин туралы түсірген комедия үлкен экранға жол тартты. Ол туралы Қазақстан кинотеатрларының жарнамасында айтылып, насихатталған болатын. Бірақ бұл жарнама аяқ-асты жоқ болып кетті. Сөйтсек, бұған себеп – Ресейдің бұл картинаны көрсетуге салған тыйымы екен.
https://kaz.365info.kz/myanma-dejsizder-4-mln-khazakhty-khyrgan-stalin-khylmysyn-khalaj-zhasyrganyn-bilesiz-be-279084
Жарайды, Ресей үшін солай шығар, бірақ бұл Қазақстанның позициясы емес қой. Ендеше, Ресей өкімі неге бізге жүреді?
Осындай заңды сауал қоғамды алаңдатты. Көп ұзамай, осы мәселеге қатысты желіде жазбалар да пайда бола бастады. Соның бірі – қоғам белсендісі, саясаткер Мұрат Әбеновтің жазбасы.
Мұрат Әбеновтің Facebook парақшасынан:
“Сіз кімнің жағындасыз кинотеатрлар қожайындары?
Сізге қазақстандық азаматтардың не көруін шешетін құқықты кім берді?
Бұл азаматтардың мәдени туындыларды көру құқығына қол сұғу. Бұл іске Президент Әкімшілігі идеологтарының назарын аударту керек. Олар кімнің саясатын жүргізіп отыр? Бұлар қазақстандық киноны бұғаттап, отандық фильмдердің қазақ тілінде түсірілуіне жол бермей отырғандар емес пе?
https://kaz.365info.kz/t-nde-k-retin-kino-amanat-filmi-ksro-ny-a-sajtyndardy-ashuyn-keltire-me-207063
Қазақстанның Мәдениет туралы заңын бұзып, шет елдік фильмдерді қазақша аудармасыз көрсетіп отырғандар да осылар”,
– дейді қоғам қайраткері кинотеатр қожайындарын меңзеп.
Юсуп Маметниязов, Қуаныш Саттар