Назарбаев пен Трамп кездесіп жатқанда Мәскеу біртүрлі мәлімдеме жасады. РФ Сыртқы істер министрі Лавров АҚШ Мәскеуді Орталық Азиядан ығыстырғалы жатыр деп дабыл қақты.
Ресейдің сыртқы істер министріне Вашингтонның Орталық Азия елдерімен Ресейсіз кездесу өткізгісі келгені жақпапты. Ол «С5+1» форматы деп аталады. Ал сол бес ел қатарына Қазақстан, Түркменістан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан енеді.
Аждар КУРТОВ, «Ұлттық стратегиялар мәселелері» журналының бас редакторы:
– 1990-жылдардың басында АҚШ Ресейді посткеңестік кеңістіктен ығыстыру үшін ұмтылып көрген. Ол кезде КСРО бұғауынан босап шыққан жаңа мемлекеттер шетелден геосаяси әріптес елдер іздеп, шарқ ұрып еді ғой. Мысалы, орыстардың Қазақстаннан жаппай кетуі 1994 жылы орын алды, өйткені сол кезде орыстілді ұйымдарды қысқарта бастады. Есесіне, Қазақстан экономикасына АҚШ дендеп енді. Көбіне, шикізат секторына, монополист болды әрі ұзаққа. Қазірдің өзінде онда америкалыққа қарағанда, ресейлік капитал шоғыры аздау.
Оның үстіне, Назарбаевтың Америка бойынша кеңесшілері Байқоңыр ғарыш алаңының тұтынысын шектеуді лоббилеп келеді. Ондағы ойлары – Ресейдің ғарыш саласындағы зерттеуін тежеу. Соңғы кездері ондағы әскерилерді жәй мамандарға алмастыруды да талап етіп жүр.
Ал бүгіндері АҚШ Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі Ресейдің қатысуындағы интеграциялық процестерді тежеуге пайдаланғысы келеді.
https://kaz.365info.kz/khazakhsha-etip-zhibermender-bilikke-kenes-bergen-akhsh-elshisi-ne-byldirdi-288787
Мысалы, ресми Астана Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай парламентін құруға белсенді түрде қарсы шығуда.
Оның үстіне, Назарбаев қартайып та қалды ғой. Бұл да АҚШ билігін алаңдатады.Сондықтан олар таққа келетін келесі адамның америкашыл болғанын қалап, сол жағына қатты бас ауыртады. Әрине, Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемінің қақ ортасында тұрған Орталық Азияда АҚШ-қа орын жоқ. Бірақ Украина жағдайы өйтіп айтқызбады ғой.
Жалпы, дәл қазір Орталық Азияда Ресейге қауіп төндіріп тұрған АҚШ емес, Қытай. Қарап отырсаңыз,Қытай Ресей мен АҚШ бизнесін тауар-мауарымен қосып, жылдан жылға ығыстырғанның үстіне ығыстырып бара жатыр. Экономикалық мүмкіндігін есепке алған Мәскеу Пекинге ашық қарсы шыға алмайды. Керісінше, қазір бізге олармен дос болған әлдеқайда пайдалы.
Станислав ПРИТЧИН, Евразия телеарнасындағы «Чатам Хаус» бағдарламасының сарапшысы:
– Қазақстан президенті АҚШ-тың соңғы 4 президентімен де кездесіп, Ресей және Қытаймен секілді прагматикалық қарым-қатынас құруға тырысып бақты. Қалай дегенмен де Назарбаевтың Вашингтонға сапары алдын ала жоспарланып қойған, яғни, елдің құлағы баяғыдан түрік еді.
Оның үстіне, жыл соңында АҚШ-тағы ірі банк өзінде жатқан Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттауы да Елбасы сапарына деген қызығушылықты арттырды.
Бұл дегеніңіз – Қазақстанның бір жылдық бюджеті!
Сондықтан көп бұл сапардан осы мәселенің көтерілуін күткен еді. Алайда Назарбаев пен Трамп кездесуі кезінде бұл жайында түк айтылмады.
Осы кездесу кезінде РФ Сыртқы істер министрі Лавров АҚШ-тың Орталық Азияға ықпалы артып келеді деп дабыл қақты. Сөйтіп ол Американың посткеңестік кеңістіктегі 5 елмен Ресейсіз кездесу өткізбек жоспарына қарсы шықты. Мұны орынды деп айту қиын. «С5+1» форматындағы кездесу бұл саяси диалог, ол арада ешқандай да экономикалық мәселе талқыланбайды. Демек, АҚШ бұл өңірге құятын инвестициясын арттырып, инфрақұрылымдар тарттырғалы жатқан жоқ. Кез келген диалог қазір маңызды әрі керек нәрсе.
https://kaz.365info.kz/bitirdinder-goj-resejlik-telezhyrgizushi-amerikalykhtyn-zhagasynan-aldy-video-284756
Осы жағынан алғанда, ол Ресейге қауіп төндірмейді. Онсыз да Ресей мен Қытай Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолын пайдаланып, Орталық Азия экономикасында басты ойыншыларға айналуда.
Вашингтон күшін сарқитындай бұл өңір байлыққа толы деп айта алмаймын.
Тәжікстан, Түркмения, тіпті, Өзбекстан АҚШ-ты әріптесіміз деп атау үшін де әлдеқанша уақыт керек. Мысалы, біржыныстылар құқығын қорғайтын заңдар қабылдау, сондай ұйымдарды қолдау дегендей. Ал бұл ретте, мысалы, Ташкент либеральды реформаны ұстанады, батыс стандартарына әлі қайда?..
Айта кетелік, Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп Елбасын жылы қабылдап, саяси, экономикалық және инвестициялық салаларда бірнеше келісімшартқа қол қойды. Цифрмен айтқанда, екі тарап 2,5 млрд доллардың келісімшартын жасады. Өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесін Астанаға қонаққа шақырды.