БҚО-да 70-тен аса ақбөкенді қырды деген күдікті ұсталды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
ІІД мәліметінше, Ақжайық ауданының 45 жастағы тұрғыны 70-тен аса ақбөкенді атып тастады деген күдікке ілінді.
“12 қаңтарда Жаңғалы ауданы Көпжасар ауылдық округінің маңында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен инспекторлар тексеру шаралары барысында заңсыз ақбөкен аулағаны үшін Ақжайық ауданының 1973 жылғы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде 72 ақбөкеннің тұтас еті тәркіленді”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
“Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ІІД хабарламасында.