Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Алда 10 міндет тұр”. Елбасы ертең жариялайтын Жолдауына қысқаша тоқталды

289

Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.

Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.

Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.

Ертең жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауым жарияланады. Ол төртінші өнәркәсіптің төңкеріс жағдайында елімізді дамытуға арналады.Ол бойынша біз жүзеге асыруымыз тиіс 10 міндет алдымызда тұр.

Қысқаша тоқтала кетсем…

Біріншіден, Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің алғышарты болуы тиіс. Біздің өнеркәсіпке өндірістік процестерді цифрландыру және қазіргі үлгідегі бизнес-моделдерді игеру арқылы еңбек өнімділігін арттыру маңызды.

Екіншіден, ресурстық потенциалымызды тиімді пайдалану жағын әлдеқайда жақсарту қажет. Бұл ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізуді талап етеді.

Сонда алынатын ресурстардың көлемін арттыруға, оны өңдеуді сапал ете түсуге, сонымен қатар энерготиімділік пен экологиялық таза өндіріс құруға тез қол жеткіземіз.

***

Үшінші. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек.

Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.

Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыта беру.

Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.

***

Бесінші. Соны үлгідегі технологияларды құрылыс пен коммунальдық тұрғын-үй шаруашылығына енгізу.

Құрылысты салудың жаңа тәсілдері, ғимараттың энерготиімділігін арттыруға талаптың күшеюі, инфрақұрылымдарды интеллектуальды жүйе арқылы басқару қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Алтыншы. Қаржы секторын оңалту.

Банк жүйесін оңалту шаралары қарапайым азаматтардың мүддесін ескере отырып, бақылау мен қадағалауды күшейту арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Банктің қожайыны кім, оны басқаратын кімдер? Солардың жауапкершілігін арттыру маңызды.

Несиелендіруді кеңейту, қор нарығын дамыту қажет болады.

Жетінші. Адам капиталының жаңа сапасы.

Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі күннің үдерісі мен экономиканың сұранысына сай болуы тиіс.

Оған қоса мұғалім мәртебесін арттыруды ұмытпаған жөн.

Денсаулық саласында қолданылған жаңа технологиялар профилактикалық жұмыстарды, науқастарды емдеуді әлдеқайда жақсартып, медициналық қызметтің сапасын арттыруы тиіс.

2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер үш рет өсті.

Атап айтқанда, базалық зейнетақы 29 процентке, қамсыздандырылған зейнетақы (солидарные) 32 процентке, денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының жалақысы 28 процентке, білім саласынікі 29 процентке, мемлекеттік қызметкерлердікі 30 процентке өсті.

Алда да жалақы мен әлеуметтік төлемдерді өсіре береміз.

Биылғы жылы бюджеттен әлеуметтік салаға кететін шығын 12 процентке өсіп, 4 миллион теңгеден асады.

Базалық зейнетақы еңбек өтілін есепке ала отырып, орташа есеппен 1,8 есеге көбейеді.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы да біліктілігіне қарай 30-дан 50 процентке дейін өседі.

Сегізінші. Бұл – тиімді мемлекеттік басқару.

Цифрлы технология бизнеске араласуды тежеп, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттырып, азаматтардың сұранысын толықтай қанағаттандырады.

Тоғызыншы. Заңның үстемдік етуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді.

Оныншы. «Смарт Сити» технологиясын енгізу дамушы қалалардың мәселесін тиімді шешіп, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түсетін болады.

Міне, бүгін баршамыз осы он міндетті шешуге жұмыла ат салысуға күш жұмсау керек.

Жолдаудың толық нұсқасымен ертең танысатын боласыздар.

Құрметті қазақстандықтар!

Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек.

Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты.

Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек.

Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз