Кешью тобының экс-әншісі Айдана Меденованың сән салонына бір топ бұзақылар шығын келтірген.
Абырой болғанда, олар бейнекамераға түсіп қалған екен. Полиция қызметкерлеріне шағымданғанымен, олар бұзақыларды табуға асығар емес. Айдана Меденова желідегілерден көмек сұрап отыр.
Ал желі қолданушылары өз кезегінде әншіге қолдау білдірмей, сынауға көшкен. Себебі, бұл олардың ойынша түкке тұрмайтын зат екен.