Әнші Ибрагим Ескендір енді былғары қолғапты бәсекеде бақ сынайды, деп хабарлайды Qamshy.kz.
“2001-2007 аралығында КСРО чемпионы, кеңестік мектепті мықты меңгерген Аманжол Бақаев деген ағаның қолында жаттыққанмын. Сол кісінің шәкіртімін, қолында жаттығып жүріп “Спорт шеберінен” үміткер болдым. 2007 жылы қолымнан жарақат алып қалдым әрі ата-анам қарсы болған соң бокстан алыстау кетіп, ары қарай білім қуып, өнер жарыстырып кеттік. Өнерде туымызды желбіреттік, енді спортта туымызды желбіретсек деген іште бір арман қалған еді. Алла бұйырса 9 желтоқсан күні Мәскеуде кәсіби спорт кеші болады. Онда мен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімді өткізбекпін. Дебютті жарысымда қарсыласым – MMA-дан әлем чемпионы Шерғаз Шақтанов деген қырғыз боксшысы. Жақында боксқа ауысқан оның да бірінші жекпе-жегі. Сол жерде еліміздің намысын қорғайтын боламыз”, – дейді Ибрагим Ескендір.