Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасын және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады.
Осыған орай, өз пікірін ортаға салған Мәжіліс Төрағасы:
“Бұл Кодекстің ең негізгі ерекшелігі – ол осы жер қойнауы саласындағы барлық сұрақтар бір құжаттың ішінде жинақталған. Соның нәтижесінде, жер қойнауын пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де тиімді жағдай жасалатын болады”, – деді.