Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) “Әлем аруы-2017″ атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz байқаудың Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Байқаудың финалы Лас-Вегаста өтті. Байқау жеңімпазы Деми-Ли Нел-Питерс 22 жаста. Ол бизнес және менеджмент факультетін бітірген.
Жеңімпазға тәжді былтыр өткен байқаудың жеңімпазы – француз аруы Ирис Миттенар берді. Айта кетейік, финалға 89 елдің аруы қатысты. Жеңімпазға ақ алтыннан, асыл тастармен және гауһар тастармен әшекейленген тәж берілді.
Miss South Africa 🇿🇦 Demi Lee Peters named the new #MissUniverse Congratulations to South Africa.. 🇿🇦🇿🇦 pic.twitter.com/O9C4kue97f
— Tosin Olugbenga. (@TosinOlugbenga) November 27, 2017