Сәби өліміне әкеп соқтырған жағдайға қатысты тексеріс жүргізген Алматы облысы Жамбыл аудандық денсаулық сақтау саласы мамандары осылай деп отыр. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық ауруханасының педиатрына қатаң сөгіс жарияланған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
“Қанатбай Ұлар есімді сәбидің ауырғаны мен өлгеніне қатысты ресми тексеру жүргізілді. Басшылық ем-дом көрсетпеген педиатрды жұмыстан қуу туралы шешім шығарды. Алайда, ауыл тұрғындарының өтініші бойынша орнында қалып, қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі таңда дәрігерді оқуға жібердік. Ал ауылдық аурухана басшысы жұмыстан қуылды”, – дейді Жамбыл аудандық орталық ауруханасының педиатры Гүлзада Ошақбаева.