ШҚО тумасының денесі көлік соққысынан екіге бөлінді. Төтенше жағдай ол Алматы-Қапшағай даңғылындағы жолдан өтуге оқталғанда болды, деп хабарлайды Today.kz.
Kia Optima Алматыға келе жатқан. Заречное ауылының маңында 43 жастағы ер адам жолдан өтпек болған. Ол жер асты өткеліне жетпей, жол ережесін бұзған.
Көлік жүргізушісі ер адамды баспай өте алмаған. Нәтижесінде марқұмның денесінің бір бөлігі автокөлікте қалып, екінші бөлігі асфальтқа шашылып кеткен.
Көлік иесі жол апатынан шок алды.