Сиырдың 40-қа жуық басын қалдық таститын «Арнаулыавтобаза» мекемесінің жұмысшылары көріпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген. Ал, 30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр. Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан. Дегенмен, осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Қазір Қызылқоға ауданының 3 азаматы анықталды және Құрманғазы ауданындағы 5 сиырдың иесі анықталып, бұдан бөлек сиырлардың қай жерде, қай уақытта кімнің сойғандығын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасқз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.