Димаштың анасы қырғыз сайты – “Супер инфоға” сұқбат беріп, баласының өнері жайлы кеңінен әңгімеледі.
Сөйтсек қырғыздар Димаш туралы қазақ телешоуында болған бір ыңғайсыз жайды біліп алыпты. Светлана Айтбаеваға бұл сынды қалай қабыл алдыңыз деп қырғызша былай сауал қойды:
– Димаш сахнага жаңыдан кадам таштап жатканда казактын белгилүү өнөр адамдары «чаңырган өнөр эмес» деп катуу сындашкан эле. Ал сындар жүрөгүңүзгө катуу тийген жокпу?
– Егер сол арада отырғандар вокалды мықты түсінетін, музыкалық деңгейі жоғары адамдар болса, сөйтіп Димаштың қателіктерін сынға алса, өзіңіз айтқандай мүмкін жүрегіме жақын қабыл алар ма едім?.. Бірақ ол жерде отырғандар ондай адамдар емес, сондықтан ол сынға онша мән бермедім. Себебі ұлымның мүмкіндігін өзім жақсы білемін ғой, – деді Светлана Айтбаева.
Айта кетелік, бірнеше жыл бұрын көгілдір экранда көрерменнің көзайымына айналған “Саз әлемі” байқауында Димаш Құдайбергенов өнер көрсеткен болатын. Димаш ол кезде “Көркемім” деп аталатын баяу ырғақтағы әнді орындап шықты. Әділқазы алқалары осы әнге, орындауына және де сахнада тұруына қатты мән беріп, біраз сынға алған болатын.
https://kaz.365info.kz/akim-bolgan-son-dimashtyn-anasy-berdibek-saparbaev-turaly-ne-degenin-bilesiz-be-283643
Алқа мүшесі, айтыскер ақын Ринат Заитов: «Мен сен сияқты әншілерден қорқамын. Бұрын Витас сияқты әншілер пайда болды деп қуанатын едік. Қазір бәрі шыңқылдай бастады. Еркекше дауыс Өмірқұл Айниязовпен эстрадамызда бітіп қалады деп ойлаймын. Жарайды, алға!»- деп сөзін қорытындылаған болатын.
Ал сол кезде сынға қалған Димаштың орындауындағы “Көркемім” қазір Азиядағы хит әнге айналды.
https://kaz.365info.kz/balesin-khara-tanymal-zhurnalist-atambaevtyn-eki-ylken-khateligin-ajtyp-saldy-284850
Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.